Оралда ақын Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына орай шара ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда ақын Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына орай шара ұйымдастырылды

Оралда ақын Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына орай шара ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай «Сағындым сені, Оралым» атты көрме ұйымдастырылды.

  • 6 Қыркүйек 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысының Қарқаралысында дүниеге келгенімен, Қасымның өмірінде Ақ Жайық өңірі ерекше із қалдырды. Жастық шағының бес-алты жылын осында өткізген Қасым Аманжолов облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде (қазір «Орал өңірі»), қазақ музыкалық драма театрында еңбек етті. Осында көптеген достар тапты, болашақ жары Сақыпжамалмен кездесті.

Белгілі әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасовтың айтуынша, соғысқа аттанып бара жатқанда, атақты «Оралым» атты классикалық өлеңін жазған Қасым Аманжоловтың Оралдағы өмірі мен өнері зерттеуге тұрарлық.

Перейти к новостям спорта