Бүгін Алматыда «Америка» спектаклі қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Алматыда «Америка» спектаклі қойылады

Бүгін Алматыда «Америка» спектаклі қойылады

Алматыдағы Гёте институтында бүгіннен бастап 11 қыркүйекке дейін Франц Кафканың «Америка» романының желісі бойынша тәжірибелік спектакль қойылады.

  • 9 Қыркүйек 2011
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жоба жетекшісі, режиссер және актриса Юлия Жигулева хабарлады.

Спектакль екі бөлімнен тұрады. Біріншісі сахналық қойылым болса, екіншісінде эммиграция туралы деректі фильм көрсетіледі. Спектакльде алматылық көрермендер әйгілі «Фольксбюне» Берлин театрының режиссері Андреас Мерц пен алматылық Ерке Абдулманова, Нелли Нэф, Жан Байжанбаев, Әлішер Махпиров, Никита Казанцев, Наташа Дубс пен Давид Гартунгтің бірлескен шығармашылық туындысын тамашалай алады. Спектакльдің ерекшелігі, Кафка туындысындағы эммиграция мен Қазақстандағы эммиграцияны салыстырып көрсетеді.

Деректі фильм бөліміне Қазақстанға қайта оралған жандардың өмірі арқау болған.

Жоба Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Қолдаушылар — Гёте Қазақстан институты, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры.

Перейти к новостям спорта