«Көрменің басты идеясы — қала тұрғындары мен қонақтарына соңғы 100 жылда Алматы қаласының архитектуралық келбетінің өзгеру тарихын көрсету»», — делінген ақпаратта.
Көрмеге Алматы қаласының XX-XXI ғасырлардағы архитектуралық келбеттерінің 60 бірегей фотосуреті қойылады. Көрме барысында ҚР сәулетшілер одағының мүшелері фотосуреттерге қажет түсініктемелерді беретін болады.
«Көрме тақырыптар бойынша үшке бөлінеді: «Алматы кеше», ол қаланың құрылуына арналады; «Алматы бүгін»- қазіргі қала туралы және «Алматы ертең»- бекітілген архитектуралық жобалардың фотосуреттері», — дейді ұйымдастырушылар.
«Бұл шара қаладағы сәулет нысандарының құрылыс тарихымен таныс азаматтар тарапынан оң бағаланады, сондай-ақ, оның жастар үшін тәрбиелік мәні бар», — дейді ҚР сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстембеков.
Шара Алматы қ. әкімдігінің қолдауымен, «Казинкомбанк» АҚ демеушілігімен өтеді.