Павлодарда Оралхан Бөкей шығармаларының үздік орындаушысы аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Оралхан Бөкей шығармаларының үздік орындаушысы аталды

Павлодарда Оралхан Бөкей шығармаларының үздік орындаушысы аталды

Павлодарда Оралхан Бөкей атындағы көркем оқу шеберлерінің облыстық байқауы аяқталды, деп хабарлады тілдерді дамыту басқармасы.

  • 13 Қыркүйек 2011
  • 941
Фото - Caravan.kz

Оқушылар мен студенттер ақынның шығармаларын мәнерлеп оқудан сайысты — қазылар алқасы ораторлық қабілеттерге, шығарманы таңдау мен оны сахналандырып оқуға аса мән берді.

Бірінші орын павлодарлық Айбек Оралхановқа тиесілі болып, екінші орынды Баянауыл ауданының тұрғыны Дана Нұрбаева, үшінші орынды екібастұздық Зарина Ташуева иеленді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.