Алматыда ХІХ Республикалық театрлар фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ХІХ Республикалық театрлар фестивалі өтеді

Алматыда ХІХ Республикалық театрлар фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Мәдениет министрлігінің қолдауымен 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматы қаласында ХІХ Республикалық театрлар фестивалі өтеді.

  • 14 Қыркүйек 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz

Астаналық Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры Еркін Жуасбектің «АНТИВИРУС» атты комедиясымен қатысып бақтарын сынамақ. Қойылымның режиссері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Қойылымның алғашқы тұсаукесері 2011 жылдың, 19-20 мамыр күндері өтті. Басты рольдерді — ҚР«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ерлан Малаев, Түймехан Атымтаева, Айман Аймағамбет, Нұрзада Ташимова, Бақыт Жұмағұлова, Қуандық Қыстықбаев, Айнұр Бермұхамбетова, Жәнібек Мұсаев, Сая Тоқманғалиева, Гауһар Жүсіпова, Жасұлан Ерболат сомдайды.

Жаһандану ғасыры. Еліміз дамушы елдердің қатарында. Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу мақсатта көптеген жұмыстар тыңдырылып жатыр. Заман қарбаласының қағажау сәттерін дәл тани білетін келімсек-гастербайтерлер де қарап қалмай біздің қаражатқа еліміздің қара жұмысын істеуде.

Бұл спектакль бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін суреттейді. Қала адамдары өз басының мәселелерімен әлек. Сол тылсым тіршілігі қызу жұмыс басындағы бір техникалық қызмет көрсету орталығы спектакль оқиғасының өтетін орны. Оқиға желісі осындағы жұмыскерлер мен клиенттер арасында өрбиді. Қазіргі қоғамның келбетін суреттейтін — ащы шындықты айта отырып, күлдіріп те жылатып алатын комедия Астана қаласының атынан бәйгеге қатысып бақ сынамақ.

Перейти к новостям спорта