ТҮРКСОЙ халықаралық бірлескен даму ұйымының мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің отырысы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТҮРКСОЙ халықаралық бірлескен даму ұйымының мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің отырысы

ТҮРКСОЙ халықаралық бірлескен даму ұйымының мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің отырысы

20-21 қыркүйекте Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық бірлескен даму ұйымының мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің XXIX отырысы өтеді.

  • 15 Қыркүйек 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлерінің кездесуі аясында түркітілдес елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар кездесу аясында суретшілер мен фотосуретшілердің көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Ұйымның уақытша үйлестірушісі — ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Естеріңізге сала кетейік, ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Ыстамбұл қаласында түркітілдес елдердің Мәдениет министрлерінің бірінші кездесуі кезінде қаланды. 1993 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласында алты елдің, яғни Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында «ТҮРКСОЙ құру және оның жұмыс істеу қағидаттары туралы шартқа» қол қойылды.

Аталған ұйым түркітілдес елдердің арасында мәдениет пен өнер саласындағы мәдени байланыстарды дамытуға басшылықты жүзеге асырып, барлық мүшелеріне олардың саяси бағдарына қарамастан мәдени ынтымақтастық саласында олардың тең құқығын қамтамасыз етеді. Осы орайда ТҮРКСОЙ құрамындағы түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен ірі халықаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Перейти к новостям спорта