«Меніңше, әр адам қай тілді үйренем десе де ерікті, бұған ешкімнің әмірі жүрмейді.
Өнер адамдары өз өнерімен қазақ тіліміздің және ұлттық мәдениетіміздің мәртебесін көтеруі тиіс», — деп Б.Төлегенова бүгін Алматыда «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Әнші таяудағы бірқатар қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, әдебиеттенушылар мен мәдениет қайраткерлерінің Конституциядан орыс тілін мемлекеттік тілмен қатар қолдану туралы тармақты алып тастауды талап етіп Қазақстан президентіне жолдаған ашық хатқа байланысты осылай деді. Оған 138 адам қол қойған, оның ішінде әншінің өзі де бар.
Б.Төлегенова ешқандай хатқа қол қоймағанын, хаттың мән-жайымен таныс еместігін айтты.
«Менің отбасым үлкен, көпұлтты, олардың арасында қазақ, татар, ұйғыр, орыс, венгір, поляк, еврей бар. Біз өзара орыс тілінде сөйлесеміз. Әкес қазақ, анам татар. Қазақ, татар, орыс — мен үшін туған тілдерім», — дейді әнші.
Ол мәлімдеменің жазылуына дем беруші белгілі жазушы және ақын Мұхтар Шахановты құрметтейтінін айта отырып, оған саясатпен айналысудың қажеті жоқ деп пайымдауын білдірді.
«Мен оны (Шахановты — ИФ-Қ) бұрыннан білемін, оның мінез-құлқымен таныспын, Ол Қырғызстанда ма, елшілікте ме біраз жұмыс істегенге өзін үлкен саясаткермін деп есептеп, саясатпен айналысуға бел буды. Ол саясаткерден гөрі, ақын болуға лайық деп ойлаймын. Сондықтан ол поэзиямен айналысып, мемлекетіміз бен тілді өз шығармашылығымен жырласын», — дейді әнші.