«Қазақфильм» режиссер Чак Расселдің жаңа голивудтық жобасына қатысуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақфильм» режиссер Чак Расселдің жаңа голивудтық жобасына қатысуы мүмкін

«Қазақфильм» режиссер Чак Расселдің жаңа голивудтық жобасына қатысуы мүмкін

VII «Еуразия» кинофестиваліне қатысуы аясында голливуд режиссеры Чак Рассел Шәкен Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясында болды, деп хабарлайды киностудия.

  • 16 Қыркүйек 2011
  • 517
Фото - Caravan.kz

Режиссердың айтуынша, бұл — оның Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары. «Мен осында келгенімен бақыттымын», – деді Ч. Рассел.

Сондай-ақ, ол «Қазақфильм» киностудиясы туралы көп естігенін, қазақ киносы түсірілетін осы жерді көргісі келгенін айтты.

Ч. Рассел үшін «Қазақфильмде» экскурсия өткізілді, оған киностудияның бірегей техникалық базасы таныстырылды. Сонымен бірге, режиссер«Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевпен кездесті. Кездесуде «Қазақфильмнің» режиссердың жаңа голивудтық жобасына қатысу мүмкіндігі талқыланды. Режиссер киностудияда «типаждары өз фильміне жақсы келетін адамдарды кездестіргенін» айтты.

Кездесу соңында Ч. Рассел компания басшылығын киностудияның модернизациялау жұмыстарымен құттықтады. «Кино өндірісінің жоғары деңгейі мен өз ісіне деген сүйіспеншілік көрініп тұр», -деді режиссер.

Ч. Рассел кино әлемінде комедиялық фантастика жанрындағы туындыларымен белгілі – басты рольде Джим Керри ойнаған «Маска», Дуэйн Джонсон қатысқан «Мумия оралады» немесе «Сарышаяндар патшасы», сондай-ақ, Арнольд Шварценеггердің қатысуымен «Жоюшы» және «Кошмар на улице Вязов» фильмдерімен танымал.

Перейти к новостям спорта