2012 жылы түркі әлемінің мәдени орталығы Астанада бірқатар халықаралық фестивальдер өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы түркі әлемінің мәдени орталығы Астанада бірқатар халықаралық фестивальдер өтеді

2012 жылы түркі әлемінің мәдени орталығы Астанада бірқатар халықаралық фестивальдер өтеді

2012 жылы елордасы Астанада ауқымды мәдени шаралар өтеді, деп еліміздің Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2011
  • 357
Фото - Caravan.kz

«2012 жылғы бюджетте «Түркі әлемінің мәдени орталығы — Астана жылын» өткізуге қаржы қарастырылған. Осы уақыт ішінде «Опералия» халықаралық опера фестивалі, «Ұлы дала әуені» дәстүрлі ән орындаушылар байқауы, Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалі, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі, халықаралық «Еуразия» кинофестивалі, түркі тілдес мемлекеттер эстрадасы фестивалі сынды шаралар өткізілмек», — деді ол сейсенбі күні Астанада ТҮРІКСОЙ мемлекеттері Мәдениет министрлерінің 29-шы отырысында.

Дегенмен, министр Мәдениет жылын өткізуге нақты қанша қаржы жұмсалатынын айтқан жоқ.