Мерекеге Университет студенттері мен оқытушылары және ұлттық өнер мен әдебиет қайраткерлері қатысады. Кеш барысында студенттер әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын қазақ, ағылшын, жапон, испан, түрік, неміс тілдерінде оқиды. Ал шетелдік ұстаздар қазақ тілінде ән айтып, өнерлерін көрсетеді.