БҚО-да Д.Нұрпейісованың 150 жылдығы кеңінен тойланбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да Д.Нұрпейісованың 150 жылдығы кеңінен тойланбақ

БҚО-да Д.Нұрпейісованың 150 жылдығы кеңінен тойланбақ

Қазақстан халық әртісі, композитор, күй анасы Дина Нұрпейісованың 150 жылдығы Батыс Қазақстан облысында 27-28 қыркүйек күндері аталып өтпек.

  • 22 Қыркүйек 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz


Негізгі шаралар күйшінің туған жері Жаңақала ауданында өтеді. Аудан орталығында күй алыптары Құрманғазы, Дина, Мәмен, Қали Жантілеуов, Оқап Қабиғожиннің мүсіндері ашылып, Д.Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған республикалық домбырашылар байқауы болмақ. Екі кезеңнен тұратын байқау 28 қыркүйекте мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталады. Домбырашылар өнерін белгілі күйшілер, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айтжан Тоқтаған, Қазақстан халық әртісі, Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Тұяқберді Шәмелов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев, Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Еркін Нұрымбетов сынды саңлақтар сарапқа салып, қазылық етпек.

Перейти к новостям спорта