Алматыда «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деп аталатын әдеби-поэтикалық кеш өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деп аталатын әдеби-поэтикалық кеш өтті

Алматыда «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деп аталатын әдеби-поэтикалық кеш өтті

Бүгін Алматыда Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналып және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған орайластырылған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деп аталатын әдеби-поэтикалық кеш болды.

  • 22 Қыркүйек 2011
  • 671
Фото - Caravan.kz


«Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған бұл шараны ҚР Тұңғыш Президентінің қоры ұйымдастырып отыр. Олар мұнда өздері шығарған «Мұқағали. Таңдамалы шығармалар» кітабының тұсаукесерін жасауда. Оған ақынның «Атамекен», «Ақ қайың әні», «Мұзбалақ», «Алтай-Атырау», «Моцарт. Жан азасы» (Реквием), «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмалары және таңдамалы лирикалық өлеңдері енген», — дейді Жұлдыз Мұқағалиұлы. Мұқағали Мақатаев халықаралық қорының басшысы, ақынның келіні Бақытгүл Қыдырбайқызының айтуынша, мұндай әдеби-поэтикалық кеш енді Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен қараша айында Астана қаласында өтпек. Бұған дейін 80 жылдық мерейтой аясында осындай кеш көршілес Қытай елінде өткен болатын.

Перейти к новостям спорта