Мәскеу мұрағатынан Мұхтар Әуезов жазған киносценарий табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу мұрағатынан Мұхтар Әуезов жазған киносценарий табылды

Мәскеу мұрағатынан Мұхтар Әуезов жазған киносценарий табылды

Ресейдің мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатынан Мұхтар Әуезов жазған киносценарий табылды.

  • 28 Қыркүйек 2011
  • 1359
Фото - Caravan.kz

Қолжазба бұған дейін беймәлім болып келген. Бұл туралы бүгін М. Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымының таныстырылымында М.Әуезов мұражай үйінің директоры Диар Қонаев айтты.

«Киносценарий 50 томдық академиялық басылымды құрастыру барысында Ташкент, Мәскеу қалаларындағы мұрағаттардан Мұхтар Әуезовке қатысты деректер іздеу кезінде табылды. «Үш тілек» деп аталатын киносценарий өкінішке орай қойылмай, мұрағатта қалған. Сценарий қазақтың ауыз әдебиеті негізінде жазылған. Мұрағатта үш түрлі нұсқасы сақталыпты»,- дейді Д.Қонаев.

Аталған құнды қолжазба бүгін таныстырылымы өткен 50 томдық академиялық басылымға енгізілген.