Оралда атыраулық суретшілер М.Дәулетияров пен Э.Жұмабаеваның сурет көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда атыраулық суретшілер М.Дәулетияров пен Э.Жұмабаеваның сурет көрмесі ашылды

Оралда атыраулық суретшілер М.Дәулетияров пен Э.Жұмабаеваның сурет көрмесі ашылды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының фойесінде атыраулық ерлі-зайыпты суретші Манарбек Дәулетияров пен Эльмира Жұмабаеваның отбасылық сурет көрмесі ашылды.

  • 11 Қазан 2011
  • 719
Фото - Caravan.kz

Көрмеге 50-ге тарта шығармашылық жұмыс қойылған.

Манарбек 1985 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет факультетін бі­тірген екен. Өзі шәкірт атанып, өнер сырына бойлаған ша­һарға ширек ғасырдан кейін толыққанды шебер болып оралған суретшінің Оралдағы алғашқы көрмесіне көрермен көп жиналды.

Қазақстан Суретшілер одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Қайыр Оразғалиевтің айтуынша, Манарбек пен Эльмираның туындыларын Орал көрермендеріне таныстыру идея­­сы биыл көктемде батысқазақстандық суретшілердің Атырау қаласында өткен көрмесінде туған еді. Өнер адамдары үшін мұндай қарым-қатынас өте пайдалы, жаңа ізденістерге, жаңа жетістіктерге жетелейді.

Белгілі оралдық өнер зерт­теушісі, көп жыл қалалық көрме залына жетекшілік еткен Әлия Сапарова көрмеге қойыл­ған туындылардың кәсіби деңге­йін жоғары бағалап отыр.

Атыраулық суретшілердің көрмесі бір айға созылады.

Перейти к новостям спорта