Қазақстандық боксшылар Астанада өтетін турнирде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына 4 жолдама ұтып алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшылар Астанада өтетін турнирде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына 4 жолдама ұтып алмақшы

Қазақстандық боксшылар Астанада өтетін турнирде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына 4 жолдама ұтып алмақшы

Қазақстандық боксшылар Астанада өтетін іріктеу турнирінде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына 4 жолдама ұтып алмақшы, деп ҚР мемлекеттік бапкері Болат Әбдрахманов мәлім етті.

  • 13 Қазан 2011
  • 450
Фото - Caravan.kz

«4 салмақ категориясындағы боксшылар қатысады. Лицензияны алуға тырысамыз. Бапкерлер штабы ол боксшыларды анықтайды. Чемпинатқа бүкіл Азиядан боксшылар келеді», — деді Б. Әбдрахманов бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Жолдаманы финалға шыққандар мен кейбір салмақ категорияларында жартылай финал жеңімпаздары алады», — деді ол.

Оның айтуынша, Астанада барлығы 25 лицензия беріледі.

Астанадағы іріктеу ойындары 2012 жылы 30 наурыз бен 8 сәуір аралығында өтеді. Бұрын хабарланғандай, қазақстандық боксшылардың активінде мүмкін боларлық 10-ның 6 олимпиадалық жолдамасы бар. Оларды Қанат Әбутәліпов, (54 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Серик Сәпиев (69 кг), Данабек Сужанов (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (91 кг-нан астам) ұтып алды.