Америкалық кинематографистер Қазақстан туралы фильмдерін таныстырады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалық кинематографистер Қазақстан туралы фильмдерін таныстырады

Америкалық кинематографистер Қазақстан туралы фильмдерін таныстырады

Астанада 18 қазанда Дүниежүзілік рухани мәдениет форумында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Даламен диалог» деректі фильмінің қазақстандық премьерасы өтеді, деп хабарлады фильм авторлары Еркен Ялгашов пен Арманд Ассанте.

  • 13 Қазан 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Фильмнің әлемдік премьерасы 3 қазанда Нью-Йорктеөтті. Оған АҚШ мемлекеттік департаментінің, елшіліктердің, консулдықтардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысты. Сол көрсетілімде фильмді Қазақстанда 18 қазанда Астанада өтетін Дүниежүзілік рухани мәдениет форумында көрсету идеясы туындады», — деп мәлім етті кинорежиссер Е.Ялгашов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Кинематографистің айтуынша, фильмді құру идеясын қазақстандық сенатор Төлеген Мұхамеджанов ұсынған, ал картинаны фильм авторларының бірі, актер, режиссер А.Ассанте картинаны осыдан бір жыл бұрын Астанадағы рухани мәдениет форумында түсіре бастаған.

«Елдеріңіздің тарихына терең үңілген сайын, таң қала бердім. Соңғы 20 жылды зерттеп, елдеріңіздің болашаққа үлкен секіріс жасағанын көрдім. Демократия мен тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан әлемде зор құрметке қол жеткізді. Мен үшін маңызды мәселелерді рухани мәдениет форумында талқылау маңызды болды», — дейді голливуд актеры және режиссеры А.Ассанте.

Е.Ялгашовтың айтуынша, фильмде сол форум мен Қазақстанның жаңа тарихынан басқа, сталиндік қуғын-сүргін жылдары, халықтарды Қазақстанға жер аудару саясаты, Семей облысындағы ядролық полигон мен Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы көрініс тапты.

«Бұл Қазақстан, оның халқы туралы жақсы позитивті фильм. Нью-Йорктегі көрсетілімнен кейін көрермендердің кейбіреуі көздеріне жас алса, көбінде Қазақстанға келу ниеті пайда болды», — дейді Е.Ялгашов.

Перейти к новостям спорта