Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді

Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді

Алматыда 18-26 қазанда «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары болады. Бұл дүбірлі дода биыл КСРО Спорт шебері және Еңбек сіңірген жаттықтырушы Октябрь Жарықаповты еске түсіруге арналып отыр. Оған Алматы қаласынан - 2, ал Атырау, Қызылжар, Өскемен, Тараз, Шымкент және Хромтау қалаларынан бір-бірден команда қатыспақ.

  • 14 Қазан 2011
  • 560
Фото - Caravan.kz


Жарыстың алғашқы күні «Ұшқын-ҚазНАУ»(Алматы) мен «ТНК Хромтау»,«Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «Динамо-Қазығұрт» (Шымкент), «Атырау» мен «Есіл» (Қызылжар), «Алматы» мен «ТарГУ»(Тараз) өзара күш сынасады. ҚР Волейбол федерация таратқан хабарламаға қарағанда, ширек финалда командалар әрбір 2 кездесуден кейін бір күн тынығып, төртінші күні жарысты қайта жалғастырып отырмақ. Бұл сында үздік төрттіктің қатпарына іліккендер одан кейін 29-30 қазанда Алматыда жартылай және ақтық финалда қайта кездесетін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера