Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындалуда

Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындалуда

Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындалуда. Бұл туралы команда бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәулет Рафиков мәлім етті.

  • 14 Қазан 2011
  • 401
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «Ақжайық» әзірлік барысында 20-23 қазанда Орынборда шағын хоккейден өтетін турнирге қатысады. Онда жоғары лиганың жеті командасы сынға түседі. Содан кейін 20-22 қарашада Киров қаласында жоғары лига командалары арасында Ресей допты хоккей федерациясы жүлдесі үшін дәстүрлі жарыс өтеді. Жоғары лига демекші, «Ақжайық» Ресей чемпионатының бұрынғыдай, бірінші емес, жоғары лигасында өнер көрсетпекші. Ал бұрынғы жоғары лига суперлига деп аталатын болды.

Жоғары лиганың екінші тобында батысқазақстандықтарға әуелден сыралғы «Черемшан» (Димитровград), ЦСК ВВС (Самара), «Универсал» (Саратов), «Волга-2» (Ульяновск) командаларына биыл Қазанның «Ракетасы» мен Орынбордың «Локомотиві» қосылып отыр. «Ақжайық» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын осы «Локомотивпен» 10-11 желтоқсанда Орынборда өткізеді. Содан кейін 13-14 желтоқсанда «Универсалды» қабылдайды.

«Ақжайықтың» тізгінін белгілі бенди шеберлері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары, бас бапкер Александр Ионкин, Сәкен Нұғманов сынды мамандар алып отыр. «Біз ресейлік ойыншылардың бәрінен бас тарттық. Командада тек қана ақжайықтық хоккейшілер ойнайтын болады. Николай Шавалдин, Павел Максимчевтей тісқаққан тарландармен қатар айдында жасындай жарқылдай бастаған Арыстан Қазыбаев, Еламан Әліпқалиевтерге сенім артып отырмыз», дейді С.Рафиков.

Алдағы жылы Алматы қаласында допты хоккейден әлем чемпионаты өтетіні белгілі. Байрақты бәсеке қарсаңында қазақстандық ойыншыларға жүктелетін жауапкершілік те жоғары болмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера