Түркияның Ұлттық кітапханасында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған суреттер көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның Ұлттық кітапханасында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған суреттер көрмесі ашылды

Түркияның Ұлттық кітапханасында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған суреттер көрмесі ашылды

Қазақстан Елшілігі мен Түркияның Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған суреттер көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚР-дың Түркиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

  • 14 Қазан 2011
  • 954
Фото - Caravan.kz

Ұлттық кітапхананың көрмелік үлкен галереясында келушілер назарына Астана, Алматы қалаларының көрікті жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштер, Қазақстанның қайталанбайтын және бірегей табиғатының әсем көріністері мен жануарлар дүниесі бейнеленген 60 шақты фотосурет ұсынылды. Сондай-ақ көрмеде әсерлі иллюстрациялар басылған альбомдар да бар.

Экспозицияға қойылған жұмыстар келушілердің, әсіресе Астана қаласының әдемі көріністері, зор қызығушылығын туғызып, олар Қазақстанмен жақыннан танысуға жасалған осындай мүмкіндік үшін шын алғыстарын білдірді.

Фотокөрме БАҚ-да кеңінен жария етілді және екі апталық мерзімде ашық болады.

Перейти к новостям спорта