Талантты жастарға отаныңды, жеріңді, еліңді жырла деп алдарына мақсат қойдыра білуіміз қажет - суретші С.Бапанова - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талантты жастарға отаныңды, жеріңді, еліңді жырла деп алдарына мақсат қойдыра білуіміз қажет - суретші С.Бапанова

Талантты жастарға отаныңды, жеріңді, еліңді жырла деп алдарына мақсат қойдыра білуіміз қажет - суретші С.Бапанова

Еуропа және Азияның басқа елдері мәдениет жағынан алға кетіп барады, бізде олардан қалыспай өз құндылықтарымызды әлемдік деңгейге көтере білуіміз керек. Бұл жөнінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, мәдениет қайраткері, сәндік өнер суретшісі Сәуле Бапанова Алматыда бүгін ашылған «Дарынға ғасыр бас иеді» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі кезінде айтты.

  • 14 Қазан 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

Суретші ҚР Тұңғыш Президенті қорының өткізіп отырған бұл фестивалі талантты жастар үшін өте үлкен мүмкіндік екендігін жеткізді. «Көрмедегі Думан Әлиев сияқты бірнеше талантты жастың жұмыстары көңілден шығады. Алайда, көрмені ұйымдастырушылар суретшілердің жұмыстарын іріктемей қоя бергені дұрыс болмаған секілді. Өйткені қол өнерді түсінетін, көркем өрнерді білетін адам таңдап алмаған секілді»,-дейді ол.

Сонымен қатар ол көрмеден нашар жұмыстар мен керемет жұмыстар бірге орын тепкендігін, тіптен кейбір жұмыстар осымен оныншы көрмеге қойылып отырғандығына қынжылатындығын жеткізді. «Көрме әдемі, сәулетті ғимаратта өтіп жатқандықтан, ондағы туындылар да соғай сай болғандығы жақсы болар еді. Қазіргі жастарға жақсылап ойлану керек, көп ізденіс керек. Бұл тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналғандықтан кеуде толған мақсат болу керек, жеткен жетістігімізді паш етуіміз керек еді», -деп атап өтті суретші.

С. Бапанова жастарға отаныңды, жеріңді, еліңді жырла деп алдарына мақсат қойдыра білуіміз керек дейді.

Перейти к новостям спорта