Лондондағы Олимпиада-2012-ге алғашқы жолдамаларға қол жеткізген Алматы облысының спортшыларына Т888 мыңнан, олардың жаттықтырушыларына 2 есе аз берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондондағы Олимпиада-2012-ге алғашқы жолдамаларға қол жеткізген Алматы облысының спортшыларына Т888 мыңнан, олардың жаттықтырушыларына 2 есе аз берілді

Лондондағы Олимпиада-2012-ге алғашқы жолдамаларға қол жеткізген Алматы облысының спортшыларына Т888 мыңнан, олардың жаттықтырушыларына 2 есе аз берілді

2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына алғашқы жолдамаларға қол жеткізген Алматы облысының екі спортшысына Т888 мыңнан берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

  • 14 Қазан 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Облыс әкімі Аңсар Мұсаханов Нұрмахан Тынәлиевке (грек-рим күресі) және Дәурен Жұмағазиевке (еркін күрес), олардың жаттықтырушылары Мәулен Мамыров пен Азамат Көкебаевқа ақшалай сыйлықтар берілді. Спортшыларға Т888 мыңнан, олардың жаттықтырушыларына Т444 мыңнан табыс етілді», — деп хабарлады облыс әкімдігінің туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының бастығы Мұхит Тұрсымбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар жеңіп алған жеті лицензияның екеуі Алматы облысының спортшыларында.

Н. Тынәлиев — Гуанчжоуда өткен XVI жазғы Азия ойындарында греко-рим күресінен чемпион, сондай-ақ, 2010 жылы Мәскеудегі әлем чемпионың қола жүлдегері, 2011 жылы Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Д. Жұмағазиев – 2011 жылғы Азия чемпионы, 2011 жылғы Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.