Оған ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Астана қаласында К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында гастрольдік күндерін бастаған еді.
5 күн бойы алматылық әртістер көрермендер назарына 6 сахналық қойылымын ұсынды. Олардың бесеуі — ересектерге арналған пьесалар.