Қазақ мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры кезекті 86-маусымын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры кезекті 86-маусымын ашты

Қазақ мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры кезекті 86-маусымын ашты

Алматыда 15 қазан күні 76-маусымын «Абай» трагедиясымен ашқан Қазақ мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры ұжымы жаңа әртістермен толығып отыр.

  • 17 Қазан 2011
  • 539
Фото - Caravan.kz


«Олар енді өздерінің жаңа бейнелерін жасайтын болады. Мәселен Зарина Карменова 26 қазанда премьерасы болатын Серік Асылбекұлының «Империядағы кешінде» дебют жасап жатыр. Біздің театрдың көптеген әртістері Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының 3-курсында оқып жүріп театрға араласқан еді. Биыл да бұл үрдіс өз жалғасын тауып, 3-4 жас өскін труппаға қосылып отыр», — дейді театрдың директоры және көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев. Оның айтуынша, өнер ұжымы биыл жыл соңына дейін өз репертуарын тағы 2 қойылыммен толықтырмақ. Олар қараша айында таныстырылымы болатын Исрайыл Сапарбайдың «Қыз мұңы» драмасы мен желтоқсан айында қайта сахналанғалы отырған М. Әуезовтың «Қилы заман» пьессасы.

Перейти к новостям спорта