Самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында 4 қазақстандық спортшы чемпион атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында 4 қазақстандық спортшы чемпион атанды

Самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында 4 қазақстандық спортшы чемпион атанды

Латвияның Рига қаласында 14-16 қазан күндері жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.

  • 17 Қазан 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz


Оған 24 елден 370 спортшы қатысты. Бәсекеде жастар арасында бозбалалар мен бойжеткендер — 10, ал жасөспірімдер арасында ерлер — 10, қыздар 9 салмақ дәрежелері бойынша белдескен болатын. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан мен Ресей төрт-төртен, ал Армения, Болгария, Грузия және Моңғолия балуандары бір-бірден алтын медаль олжалаған еді. Қазақстандықтардың қоржынына жарыстың өзге күндері бірде-бір алтын медаль түскен жоқ. Мәселен жұма күні ресейліктерден — 5, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Сербия және Украинадан бір-бір балуан Әлем чемпионы атанды. Ал жарыстың соңғы күні ең биік тұғырға ресейліктер 4 рет, грузиндер, болгарлар мен украиндар екі-екіден, беларус пен моңғолдар бір-бір реттен көтерілді.