«Ер Тарғын» жыры сандық форматта жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ер Тарғын» жыры сандық форматта жарық көрді

«Ер Тарғын» жыры сандық форматта жарық көрді

«Жәдігер» дәстүрлі өнер клубы» қоғамдық қоры «Ер Тарғын» жырын сандық форматта жарыққа шығарды.

  • 19 Қазан 2011
  • 1008
Фото - Caravan.kz

Идея авторы және жобаның көркемдік жетекшісі Ақан Әбдуәлінің айтуынша, бұл шара Мәдениет министрлігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Ұзақтығы 1,5 сағаттан асатын бұл жырдың орындаушылары — Ақан Әбдуәлі, Гүлмарс Аманбаева, Ерболат Шалдыбеков, Рысбек Әшімов, Амандық Көмеков, Аманқос Садықов мен Баян Мұсаева. Олар бұған дейін оны 2010 жылы Астана күніне арналған мәдени іс-шаралар барысында жырлап шыққан болатын.

Жалпы қазақ жырының бұл аудиоантологиясы «Жәдігер» дәстүрлі өнер клубы жүзеге асырған үшінші жоба болып отыр. Бұған дейін олар «Алпамыс батыр» мен «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастанын қайта жаңғыртқан болатын. Ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлиханов «қазақтың алтын ғасыры» деп бағалаған ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін «Ер Тарғын» жырының біздің заманымызға 8 түрлі нұсқасы жеткен. Олардың ішінде ең толық, және көркем нұсқасы Марабай ақын жырлаған үлгі. Оны Н.Ильминский жазып алып, 1862 жылы Қазанда жеке кітап етіп бастырып шыққан болатын.

Перейти к новостям спорта