Алматыда дәстүрлі ән мен күйдің кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәстүрлі ән мен күйдің кеші өтеді

Алматыда дәстүрлі ән мен күйдің кеші өтеді

Бүгін Алматыдағы Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының орындаушылары әнші Ерлан Рысқали мен күйші Нұркен Әшіровтің шығармашылық кеші өтеді.

  • 19 Қазан 2011
  • 521
Фото - Caravan.kz


Оны «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші-жыршы Ақан Әбдуәлі жүргізбек. Бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналып отыр. Екі өнерпаз да бұл өнер ордасына биыл ғана жұмысқа тұрған еді. Халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы Ерлан Астрахань қаласында өткен «Голоса Золотой степи — 2011» этнографиялық байқауының Гран-Приінің иегері. Ал Елбасының әдебиет пен өнер саласын дамытуға айрықша үлес қосып жүрген жастарға тағайындаған мемлекеттік стипендиясын өз қолынан алған Нұркен Әшіров те түрлі халықаралық және республикалық байқауларда лауреат атанған талантты күйші-сазгер. Ол биыл көктемде Астанадағы Президенттік мәдениет орталығының концерт залында «Әлқисса» деп аталатын күй кешін өткізген еді. Онда Ерлан кештің құрметті қонағы ретінде өнер көрсеткен болатын.

Перейти к новостям спорта