Жобаның ұйымдастырушылары Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, «НТК» телеарнасы мен MG Production продюсерлік орталығы.
«Басты рөл» тележобасы — бұл жаңа отандық фильмдерге жарияланған ашық кастинг. Жобаға жасы 16-ға толған, өз күшіне сенімді дарынды жандар қатыса алады. Бірнеше сатыдан құралған жобаның қатысушылары еліміздің ең үздік сахна және экран шеберлерінен дәріс алуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, қазылар алқасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын болады. Жобаның барлық іріктеу кезеңдері мен актерлық шеберлік дәрістері телеарнадан көрсетілмек. Сондықтан да телекөрермендер сынға түскен қатысушылардың алғашқы қадамдарынан бастап, басты рөлге тағайындалып, жеңімпаз аталуына дейінгі ауыр жолды көріп-тамашалай алатын болады. Сонымен қатар, ең харизмалық және дарынды екі қатысушы актерлық шеберліктен дәріс алуға әлемдік киноиндустрияның жүрегі — Hollywood-қа жолдама алады.