Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Жапон Елшілігінен хабарлады.
«Жапондықтардың сұлулық пен рухқа қатысты көрінісі» тақырыбында өтетін жапон каллиграфиясы бойынша шеберлік сабақ Жапон қорында Тіл орталығының ашылуына орайластырылып отыр.
Көркем жазудың әдіс-тәсілдеріне Жапонияның танымал каллиграф-шебері Марико Кинощита үйрететін болады.
Жапон каллиграфиясы — жазба өнерінің түрленген жүйесі ғана емес, сондай-ақ терең философиялық мағынаға ие өнер түрлерінің бірі. Шеберлік сабақ аталмыш өнер түрімен жақынырақ танысуға және жапондық жазба өнеріне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.
Іс-шара 25 қазан күні Қазақ Гуманитарлық заң университетінде өтеді.
Жапон Елшілігі шеберлік сабаққа адамдардың шектеулі саны ғана қатыса алатындығын ескертіп, алдын ала аккредитациядан өту қажеттігін хабарлады.