Алжирда VII Мәдениет министрлерінің ислам конференциясына дайындық барысы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алжирда VII Мәдениет министрлерінің ислам конференциясына дайындық барысы талқыланды

Алжирда VII Мәдениет министрлерінің ислам конференциясына дайындық барысы талқыланды

Алжирда (Алжир Халық Демократиялық Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) Консультациялық кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Оның жұмысына ИСЕСКО-ның 10 мүше-мемлекеттерінің және екі халықаралық ұйымның өкілдері жиналды, деп бейсенбі күні ҚР мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz

Аталған форумға Қазақстан Республикасынан ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Құрманғалиева қатысты. Отырыстың жұмыс барысында Алжир қаласында 2011 жылғы 18-19 желтоқсанда өткізілуі жоспарланған VII Мәдениет министрлерінің ислам конференциясында ұсынылатын материалдар жобалары талқыланды.

Атап айтқанда, ИСЕСКО-ның Мәдениет және коммуникациялар жөніндегі директоры Н.Риати Консультациялық кеңес мүшелерін Ұйымның Бас директорының мәдени стратегияны, ақпараттық-коммуникациялық дамуды, мәдение шаралар стратегиясын жүзеге асыруға арналған есептерімен таныстырды. Есепте ИСЕСКО-ның ислам мәдени астаналары бағдарламасын жүзеге асыру, мәдениаралық диалогты ілгерілету әрекеттеріне ерекше назар аударылды. Кеңес аталған құжаттарды жүзеге асыруды жалғастыруды ұсынды.
Ақпарат: ИСЕСКО – Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) Ислам конференциясы ұйымының арнайы мекемесі ретінде 1982 жылғы 3 мамырда құрылды. ИСЕСКО-ның бас пәтері Рабат қ. (Марокко корольдігі) орналасқан.
ИСЕСКО-ның басқарушы органдары: Бас конференция (үш жылда бір рет жиналады), Атқарушы кеңес (сессиялар жыл сайын өтеді) және аталған ұйымның хатшылығының міндеттерін орындайтын Бас директордың басқаруындағы Бас директорат. ИСЕСКО-ның барлық мүше-мемлекеттері Атқарушы кеңестің мүшелері болып табылады (50 мемлекет).
Қазақстан Республикасының ИСЕСКО-ға ресми кіруі Сыртқы істер министрлерінің 24-ші ислам конференциясында (Джакарта, 1996 ж. желтоқсан) мәлім етілді.

Перейти к новостям спорта