Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль кубогі турнирінде жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль кубогі турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль кубогі турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль кубогі сарапқа салынған турнирдің ширек финалына жете алмай қалды,

  • 20 Қазан 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР теннис федерациясының ресми сайты.

Михаил Кукушкин (АТР рейтингсінде 65-ші) екінші айналымда өзінің жұптық сындағы әріптесі АҚШ теннисшісі Алекс Богомоловтан (АТР рейтингсінде 37-ші) тартысты өткен матчта үш сетте — 4:6, 6:3, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшы аталмыш турнирдің жұптық сындарында да өнер көрсетуде. Кукушкин мен Богомолов жұбы бірінші айналымда ресейлік теннисшілер Игорь Куницын және Дмитрий Турсунов дуэтін 7:5, 3:6, 10:8 есебімен ұтқан болатын.

Бүгін қазақстандық-мерикалық жұп ширек финалда өзбекстандық Денис Истомин мен ресейлік Михаил Елгинге қарсы тұрады.