Қалалық мәслихаттың XXXIV сессиясында 2017 жылғы Универсиаданы Алматыда өткізу мүмкіндігі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалалық мәслихаттың XXXIV сессиясында 2017 жылғы Универсиаданы Алматыда өткізу мүмкіндігі талқыланды

Қалалық мәслихаттың XXXIV сессиясында 2017 жылғы Универсиаданы Алматыда өткізу мүмкіндігі талқыланды

2017 жылғы Универсиаданы Алматыда өткізу мүмкіндігі туралы депутаттардың қойған сауалына Алматы қаласының әкімі ағымдағы жылдың қарашасында Брюссельде соңғы іріктеу сатысы өтетінін айтып, жауап берді.

  • 21 Қазан 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Универсиаданы Алматыда өткізу бастамсын қолдады, бұл VII қысқы Азиада ойындары сияқты қаланың дамуына оң қарқын береді»,- деп атап өтті Ахметжан Есімов, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мәслихаттың XXXIV сессиясында Алматы қаласында сыртқы безендіруді дамытудың 2009-2014 жылдарға арналған бағдарламасы мен аукционда сатылуға ұсынылатын 13 жер телімінің тізімі бекітілді.

Сонымен қатар депутаттар Алматы метросының екінші кезеңіндегі бес стансаның атауын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Осылайша Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысындағы аялдама «Сайран»; Өтеген батыр көшесінің қиылысындағы Абай даңғылында орналасатын аялдама «Мәскеу»; Абай даңғылы мен Алтынсарин даңғылындағы аялдама «Сарыарқа»; Ясауи көшесінің қиылысында орналасатын Абай даңғылындағы аялдама «Достық»; «Қалқаман-2» шаңғын ауданындағы аялдама «Қалқаман» деп аталатын болды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера