УЕФА Еуро-2012 стадиондарында шылым шегуге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
УЕФА Еуро-2012 стадиондарында шылым шегуге тыйым салды

УЕФА Еуро-2012 стадиондарында шылым шегуге тыйым салды

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) алдағы 2012 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты кезінде Украина және Польша стадиондарында шылым шегуге толығымен тыйым салынғаны туралы жариялады. Бұл туралы кеше таратылған УЕФА хабарламасында айтылады.

  • 21 Қазан 2011
  • 673
Фото - Caravan.kz

«УЕФА темекі бұйымдарын чемпионаттың барлық стадиондарында пайдалануға, сатуға және жарнамалауға тыйым салады», — делінген хабарламада.

УЕФА президенті Мишель Платинидің сөзіне қарағанда, 2012 жылғы Еуропа футбол біріншілігі шеңберінде шылым тартуға тыйым салу арқылы көрермендер мен турнирді өткізуге қатысушылардың денсаулығына қамқорлық жасалмақ.