Демалыс күні Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Есмұхан Обаевтың 70 жасқа толуына арналған мерейтойлық кеште аталмыш басылымдардың тұсауы кесілді.
Бұл басылымдар көрнекті театр режиссері, өнер және мәдениет қайраткері, ҚР халық әртісі, профессор Есмұхан Обаевтың өнері мен өмір жолынан сыр шертеді. Кітаптарда ұлттық театр режиссурасының көшін бастаған режиссер, тәуелсіз Қазақстан өнері мен мәдениетінің салиқалы өнер саясатының жүзеге асуына көп еңбек сіңірген қайраткердің жастық шағынан бастап толысқан шығармашыл тұлға дәрежесіне көтерілген бүгінгі күнге дейінгі өмір-өнер кезеңдері кеңінен қамтылған.
Республика театр өнері мен мәдени тынысын кең аяда танытатын аталмыш кітаптар өнер зерттеушілеріне, театр қауымы мен қалың жұртшылыққа арналған.