ІІМ Алматы академиясы Нұрғиса Тілендиевті еске алу мақсатында арнайы кеш өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ Алматы академиясы Нұрғиса Тілендиевті еске алу мақсатында арнайы кеш өткізді

ІІМ Алматы академиясы Нұрғиса Тілендиевті еске алу мақсатында арнайы кеш өткізді

Өткен сенбі күні Алматыда Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Халық Қаһарманы, ұлы композитор, қазақтың біртуар дарынды ұлы Нұрғиса Тілендиевті еске алу мақсатында арнайы кеш өткізді.

  • 24 Қазан 2011
  • 655
Фото - Caravan.kz

«Шараның мақсаты — болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерін, бүгінгі тыңдаушыларды рухани-патриоттық сезімге баулып, қазақтың белгілі азаматтары мен дара тұлғаларының өмірімен таныстыру болып табылады», — дейді шараның ұйымдастырушылары.

Кеш барысында Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы жолынан естеліктер айтылып, академия басшылары мен кеш қонақтары сөз сөйледі.

Оның соңында академия тыңдаушылары қазақ даласын күймен тербетіп, көліне аққуды қондырған киелі өнер иесіне қойылған ескерткіш басына барып гүл шоқтарын қойды.

Бүгінде Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында 1000 тыңдаушы білім алады. Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесі қарсаңында айтулы оқу орнына 55 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында КСРО-ның түпкір-түпкірінен келіп білім алған полиция қызметкерлері бүгінде басшылық қызметтерде отыр. Тәуелсіз еліміздің ішкі істер органдарында темірдей тәртіп пен біліктілікті қалыптастырған 21 генерал осы Алматы академиясын бітірушілері. Үстіміздегі жылы ҚР ІІМ Алматы академиясы Заң иниститутын 210 түлек бітіріп шыққан.

Перейти к новостям спорта