Футболдан бас прокурордың кубогы Бас прокуратураның командасына бұйырды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан бас прокурордың кубогы Бас прокуратураның командасына бұйырды

Футболдан бас прокурордың кубогы Бас прокуратураның командасына бұйырды

Өткен сенбіде елордадағы «Астана-Арена» стадионында ел Тәуелсіздігінің және прокуратура органдарының 20 жылдығына арналған прокуратура органдарының ұжымдары арасындағы футболдан чемпионат аяқталды. Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.

  • 24 Қазан 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

Чемпионатқа өңірлерден жасақталған алты команда қатысты. Олар — Бас прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, «Оңтүстік» (Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының прокуратуралары), «Орталық» (Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуратуралары), «Батыс» (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының прокуратуралары), «Шығыс» (Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының прокуратуралары) командалары.

Ойын қорытындысы бойынша Бас прокуратураның командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің командасы, ал үшінші орынды «Оңтүстік» командасы иеленді.

Жарыстың салтанатты жабылуында сөз сөйлеген бас прокурордың орынбасары Нұрмахан Исаев жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді құттықтап, мәреге жеткен жарыстың прокуратура органдарындағы спортты дамытудағы ерекше рөліне тоқталды.

Жеңімпаз командаға бас прокурордың кубогы табыс етілді, ал жүлделі орындарға ие болған өзге командалар медальдармен және өзге де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталымдар бойынша келесі ойыншылар үздік деп танылды: «Үздік шабуылшы» — «Оңтүстік» командасының ойыншысы Болат Қалыбаев, «Үздік қақпашы» — «Орталық» командасының ойыншысы Рустам Дәуітов, «Үздік қорғаушы» — Бас прокуратура командасының ойыншысы Талғат Бекмағамбетов, «Үздік шабуылдаушы» — Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет командасының ойыншысы Ержан Мұсаев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера