«2011 жылдың 25 қазаны күні Ұлттық академиялық кітапханада қаламгерлер Дәурен Мұса мен Сәдібек Түгелдің «Астана қаһармандары» — «Первопроходцы Астаны» кітабының тұсаукесері өткізіледі. Бұл басылым ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып шығарылды», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жобаның мақсаты — жаңа елордамыз Астанаға ұлы көшпен алғашқы келген азаматтардың еңбегін елеп, мерейін өсіру болып табылады. Кітап толыққанды болу үшін — редакция ұжымы Астанаға тұңғыш келгендердің анкетасын шығарған болатын. Оны 1997 жылдың 1 маусымынан 1999 жылдың 1-ші қаңтары аралығында елордаға келгендер толтырды. Кітап бір томмен шектеліп қалмайды. Материалдардың жиналуына қарай 2-ші, 3-ші болып жалғаса береді.