Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші Шахмардан Әбіловтің шығармашылық кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші Шахмардан Әбіловтің шығармашылық кеші өтеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші Шахмардан Әбіловтің шығармашылық кеші өтеді

ҚР Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі,

  • 24 Қазан 2011
  • 854
Фото - Caravan.kz

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық шығармашылық академиясының «Даңқ» орденінің иегері Шахмардан Әбіловтің шығармашылық кеші өтеді. Бұл ақпаратты аталған орталықтың баспасөз қызметі таратып отыр.

Белгілі әнші, вокалдық лириканың ғажайып шебері Шахмардан Әбіловтің есімі Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де жақсы танымал. Өнердегі өзіндік «менін», өзінің қайталанбас шығармашылық бет-бейнесі мен келбетін тапқан Шахмардан Әбілов еліміздегі музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Әншінің шығармашылық шыңы Абай өлеңдеріне жазылған камералық-вокалдық шығармалары. 1991 жылы Мәскеу қаласында лазерлік дискіге жазылған бұл шығармаларын Ш. Әбілов тамаша пианиношы Сергей Костевичпен бірге қос дауыста орындаған. Қазақстандық композиторлар Е. Рахмадиев, Т. Мұхамеджанов, М. Сағатов, Б. Аманжоловтардың өздерінің Абай өлеңдеріне жазылған вокалдық шығармаларын Ш. Әбіловтың орындауына арнайы жазғандары да кездейсоқтық емес.

Камералық-вокалдық классиканың әлемдік үлгілерін орындаған концерті тыңдармандардың есінде ерекше қалған концерт. Әнші репертуарында Чайковский, Рахманинов, Малер, Шуберт, Шуман, Массне, Брамс сынды әйгілі композиторлардың романстары бар. Ш. Әбілов Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі. Орындауындағы партиялар: А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы — Абай; Е. Рахмадиевтің «Абылай ханында» — Бұхар жырау; Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғынында» — Ер Тарғын; Дж. Вердиде — Риголетто, Амонасро, Жермон, Граф ди Луна; Н. Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» шығармасында — Грязной партияларын орындайды.

Ш. Әбілов — қоғам қайраткері, «Искусство XXI века» атты Финляндия, Италия, Австрияда, Калининградта өткен «Янтарный соловей», Мәскеуде өткен «Международная русская романсида» сынды вокалистер байқауында, Қазан қаласында өткен Р. Яхин атындағы камералық әншілер байқауында, Уфада, Киевте өткен опералық әншілер байқауында қазылар алқасының мүшелігінде болған. Сонымен қатар Ш. Әбілов Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері мен алыс-жақын шет елдерде мастер-класс өткізіп тұрады.

Оның халыққа қатты танымал еткен концерті Лондондағы Барбикан-холлда корольдік камералық оркестрмен берген концерті болды. Бұл жайлы Би-би-си тілшісі: «Лондон Сити орталығында XI ғасырдағы шіркеуде концерт беріп, тек қана әлемдік танымал жұлдыздардың келгеніне дағдыланған қаладан осынша көп тыңдарман жинау, бұл теңдесі жоқ құбылыс болды», деп жазса, БҰҰ-ның «Бейбітшілік ісі үшін» сйылығының иегері, белгілі әнші Осман Тюркай: «Бұл Қазақстандағы баламасы жоқ ұлттық құндылық», деп бағалады.

Ш. Әбілов өнерінің жарқын тұстары Париждің Плейель залында, Винченсо, Берлин, Тель-Авив, Мәскеудегі Ресей композиторлар Одағы және П.И. Чайковский атындағы консерваторияның кіші залында өтті. Гастрольдік сапармен Лондон, Париж, Тель-Авив, Хельсинки, Венеция, Вена, Стокгольм, Берлин, Мәскеу, Ыстамбұл, Анкара, Улан-Удэ, Киев, Минск, Вильнюс, Таллин, Ташкент, Бішкек, Уфа, Баку, Қазан т.б. әлемнің әйгілі қалаларында өнер көрсетті.

Перейти к новостям спорта