Бірінші лига: «Ақжайық» төртінші орынға табан тіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірінші лига: «Ақжайық» төртінші орынға табан тіреді

Бірінші лига: «Ақжайық» төртінші орынға табан тіреді

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының ойындары мәреге жетіп, Оралдың «Ақжайығы» төртінші орынды қанағат тұтты.

  • 25 Қазан 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

Біріншілік қорытындысында Қаскелеңнің «Сұңқары» 77 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алса, қоржынында 69 ұпайы бар Көкшетаудың «Оқжетпесі» екінші орынды иеленді. Сөйтіп аталмыш қос команда премьер-лига жолдамасын еншіледі. Маусымды 56 ұпаймен аяқтаған «Ақжайық» соңғы екі турдың ойындарын нәтижелі өткізіп, 59 ұпай жинаған Өтеген батыр ауылының «Іле-Сәулетінен» де қалып қойды.

Премьер-лигаға қайта оралуды мақсат тұтқан оралдықтар бұл межеге жете алмады. Олар, әсіресе, бірінші айналым ойындарын сүреңсіз өткізді. Кейін бас бапкерін ауыстырып, бірқатар ойыншылармен толықтырылғанымен, көшбасшы командалармен ұпай айырмашылығын қысқарта алмады.