Хабарда айтылғандай, FISU бағалау комитетінің 4 адамнан тұратын мүшелері биылғы қазанның 23-24-терінде Қазақстанда сапармен болып, Алматының Универсиада-2017-ні өткізуге дайындығымен танысты. Атап айтқанда, олар Алматы әкімі А. Есімовпен, ҚР премьер-министрі К. Мәсімовпен, ҚР ғылым және білім министрі Б. Жұмағұловпен, туризм және спорт министрі Т. Ермегияевпен кездесті. Қала әкімі А. Есімовпен кездесуінде ол комиссия мүшелерін Қысқы Универсиаданы ең жоғарғы деңгейде өткізуге күш салатындығына сендірді».
Комитет баспасөз қызметі атап өткендей, «Алматыда халықаралық шаралар – 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындары, трамплиннен шаңғымен секіруден әлем Кубогының Жазғы кезеңін өткізу т.б. шаралар – қаланың спорттық шараларды өткізуге дайындық деңгейінің жоғарылығын көрестеді, оған деген дәлел федерацияның және халықаралық ұйымдар тарапынан берілген ең жоғарғы бағалар».
Бағалау комитетінің мамандары Солдатское шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында, Медеу ТМА, Шымбұлақ таушаңғылық шипажайында және халықаралық шаңғы трамплиндерінде болы, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымымен танысты.
Ақпараттық қызметтен хабарлағандай, жақында Алматыда спорттың қысқы түрлерінен ірі халықаралық жарыстар – допты хоккейден әлем чемпионаты, трамплиннен шаңғымен секірудің әлем Кубогының жазғы және қысқы кезеңдерін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ шаңғымен қоссайыстан және басқа түрлерінен әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.
«Алматы қысқы спорт түрлерінің астанасына айналып келеді деп сеніммен айтуға болады және 28-ші қысқы Универсиада-2017 өткізу құқығын жеңіп алуының толық мүмкіндігі бар», — деді комитеттен.
Еске салсақ, Алматы 28-ші қысқы Универсиада-2017 өткізу құқығын жеңіп алуға өтінімді биылғы мамыр айында берген. 29-шы қарашада Брюсселде соңғы іріктеу кезеңі өтіп, сонда Универсиада-2017 өтетін қала анықталады.