Астанада Кереку өңірінің суретшілер ұжымы алып келген экспозиция ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Кереку өңірінің суретшілер ұжымы алып келген экспозиция ашылды

Астанада Кереку өңірінің суретшілер ұжымы алып келген экспозиция ашылды

Астанада Президенттік мәдениет орталығында павлодарлық қылқалам шеберлерінің «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» және «Дәуір үні» атты көрмелері ашылды.

  • 26 Қазан 2011
  • 772
Фото - Caravan.kz

Көрме ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Кереку өңірінің суретшілер ұжымы алып келген экспозицияның тұсауын Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев кесті.

Көркемсурет көрмесінде танымал павлодарлық суретшілер — Қажыбек Баймулдин, Александр Бибин, Александр Гулин, Ғалым Қаржасов, Павел Лысенко, Өсербай Шұранов, Виктор Поликарпов, Евгения Фридлина мен өзге де суретшілердің 70-тен астам шығармасы қойылған.

Сонымен қатар Павлодар облысындағы Мемлекеттік мұрағатынан, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты мен Ұлттық мұрағаттың қорларынан республиканың 280 кино-, фото және фоноқұжаттары ұсынылған.

«Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы мен Астанадағы Павлодар облысы мәдениетінің таныстырылымына қатысу — әрбір суретші үшін ынталандыратын оқиға екендігі сөзсіз. Біз бұл күнге үлкен дайындық жасадық. Елорда тұрғындары павлодарлық суретшілердің өнерін тамашалау арқылы жоғары рухани сезімдерге бөленіп, көңілдерін қуаныш керней берсе екен деп тілегіміз келеді», — дейді Павлодар өңірінің қылқалам шебері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Виктор Поликарпов.

Перейти к новостям спорта