Тәкен Әліпбайдың «Томирис» қойылымы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Астанадағы Алматы облысының күндеріне орай сахнаға шығарылды.
Қойылым дайындығы ұзақ уақыт әрі тыңғылықты жүргізілді. Спектакльде 26 әртіс ойнаған. Режиссер Хусейн-Әмір-Темір өз қойылымында Сақ патшайымы Томиристің қайғылы өмірін көрерменге барынша нақты жеткізуге тырысқан. Режиссер, әсіресе патшайымның елі мен жеріне деген адалдығына баса назар аудартқан.
Театр залында ине шаншар орын болмады.