Бұл туралы Минскіде қазақтың ұлы жазушысы және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозицияның салтанатты ашылуында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып Мұрат Әузеов мәлім етті.
«Біз іс жүзінде тарихи жағдайларға байланысты бір-бірімізді жоғалтсақ, әрбір адам өзін жоғалтады. ХХІ ғасырдың да өз сынақтары бар, алайда біз олардан қашпай, өз-өзімізді, достығымызды еске алып, ең жақсы дәстүлерге, соның ішінде мәдениеттеріміздің ең жақсы дәстүрлеріне сүйене отырып алға басуымыз керек», — дейді жазушының ұлы Мұрат Әуезов.
Сондай-ақ ол Мұхтар Әуезов өзінің шығармашылығы, көркем туындылары, ғылыми ізденістерімен халықаралық аренада қазақ халқының абыройын асқақтатты деп мәлім етті. «Оның жұмысын әлем мойындады, оның жазған дүниелерін көптеген тілге аударып басу -соның дәлелі. Әуезов шығармашылығы қазақ халқымен бірге ХХІ ғасырға сеніммен келеді», — дейді Мұрат Әуезов.