Елордада белгілі күйші Тұяқберді Шәмеловтың шығармашылық кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада белгілі күйші Тұяқберді Шәмеловтың шығармашылық кеші өтеді

Елордада белгілі күйші Тұяқберді Шәмеловтың шығармашылық кеші өтеді

ҚР Президентттік мәдениет орталығында Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі күйші Тұяқберді Шәмеловтың шығармашылық кеші өтеді.

  • 27 Қазан 2011
  • 736
Фото - Caravan.kz


Күй өнерінің шебері Т.Шәмелов Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Саралжын ауылында дүниеге келген. Алматы музыкалық училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Домбырашы, Қазақстан халық әртісі Қали Жантілеуов сынды саңлақтардан күй өнерінің қыр-сырын меңгерген. Құрманғазы атындағы оркестрде қырық жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп, қатардағы домбырашыдан бас концертмейстер, көркемдік жетекші дәрежесіне дейін көтерілді. Оркестр құрамында әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетті. Жеке орындаушы ретінде Франция, Қытай, Ауғанстан сынды шет елдерде болып, қазақ елінің өнерін әлем жұртшылығына таныстырды. Бірнеше күйі күйтабаққа жазылған. Оның Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра», А.Асылбековтің «Ауылымды сағындым» сөзіне шығарған әндері республикалық конкурстарда жүлделі орын алды.

Перейти к новостям спорта