Қарағандыда ұлттық жекпе-жектің жаңа түрі – «үш күресті» таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ұлттық жекпе-жектің жаңа түрі – «үш күресті» таныстырды

Қарағандыда ұлттық жекпе-жектің жаңа түрі – «үш күресті» таныстырды

Қарағандыда «үш күрес» атты ұлттық жекпе-жектің жаңа түрі таныстырылды, деп осы жобаның бастамашысы – «Шахтер» стадионының директоры Наталья Сухорукова мәлім етті.

  • 28 Қазан 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz

«Жекпе-жектің жаңа түрін «үш күрес» деп атадық. Бұл әлемдік жекпе-жек бағытын ескерген қазақтың қазіргі заманғы жекпе-жегінің арнайы түрі. Спорттың бұл жаңа түрін Аблай ханның туылғанына 300 жыл толуы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырып таныстыру өткізілді», — деді Н. Сухорукова ҚазТАГ тілшісіне бейсенбі күні.

Шараның ашылу салтанатында әртістер Аблайханның батыр жауынгерлеріне берген батасынан театрландырылған сахналық көрініс көрсетілді. Одан кейін үш күрестен І-ші қалалық турнир өтті. «Үш күрес қысқаша келген таяқтармен сайыс – «семсер күрестен», пышақтасудан – «қанжар күрестен» және «жекпе-жек күрестен» тұрады. Жауынгерлер арнайы қорғаныс сауыттар киген. Пышақтар, әрине, «ойыншық» пышақтар», — деді Н. Сухорукова.

Оның айтуынша, спорттың бұл жаңа түрін құру энтузиастерден шыққан. Жобаны облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР әскери самбо федерациясы қолдады.