Мәжит Бегалиннің «Артымызда Москва» фильмі VIII халықаралық «Лучезарный ангел» кинофестивалінде көрсетілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжит Бегалиннің «Артымызда Москва» фильмі VIII халықаралық «Лучезарный ангел» кинофестивалінде көрсетілетін болады

Мәжит Бегалиннің «Артымызда Москва» фильмі VIII халықаралық «Лучезарный ангел» кинофестивалінде көрсетілетін болады

- Режиссер Мәжит Бегалиннің «Артымызда Москва» фильмі Мәскеуде қараша айының 1-8 аралығында өтетін VIII халықаралық «Лучезарный ангел» қайырымдылық кинофестивалінде көрсетілетін болады.

  • 28 Қазан 2011
  • 590
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, фильм даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 1941 жылы Мәскеу түбінде шайқасқан панфиловшылар дивизиясына арнаған кітабы мен материалдары бойынша түсірілген болатын.

Кинофестивальге Ресей, АҚШ, Германия, Кипр, Франция, Португалия, Грекия, Словения, Қазақстан және т.б елдердің кинотуындылары қатысатын болады. Ұсынылған 245 кинокартиналардың тек 60-ы ғана байқау бағдарламасына өткен. Кинофестивальдің қорытындысы 8 қараша күні, шараның салтанатты жабылуында белгілі болады.