Аса ауыр салмақтағы Виталий Кличко бокстан кетпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аса ауыр салмақтағы Виталий Кличко бокстан кетпекші

Аса ауыр салмақтағы Виталий Кличко бокстан кетпекші

WBC нұсқауы бойынша, аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиндық боксшы Виталий Кличко спорттық мансабын жақын арада аяқтайтындығын мәлімдеді, деп жазды bnews.kz.

  • 28 Қазан 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Мен спорттық мансабымды аяқтағалы жүрмін, әрі кетсе бір-екі кездесу өткізетін шығармын», — деді Кличко бейсенбі күні ТВі телеарнасының эфирінде.

«Ағайынды Кличколардың қолғап түйістіруін үзбей тамашалайтындарға айтарым, уайымдамаңыздар, Владимир менен бес жас кіші, сіздерді қызықты жекпе-жегімен әлі талай қуантатын болады», — деген 40 жасар Виталий Кличконың сөзін мысалға келтірді «Взгляд» басылымы.

Ағайынды Кличколардың үлкені кәсіпқой шаршы алаңда 45 кездесу өткізді. Жеңген 43 кездесуінің 40-ын ол уақытынан бұрын аяқтаған болатын, ал қалған екеуінде (алған жарақаты салдарынан) жеңіліс тапты.

Ағайынды Кличколар әлем чемпионының барлық беделді бес белдігін таққан: Владимир төрт нұсқа, атап айтқанда: IBF, WBA, WBO және IBO — бойынша чемпион болып табылады, ал Виталий — WBC нұсқауы бойынша әлем чемпионы.