Қазақстандық пианист Жәния Әубәкірова өз өнерімен француздық көрермендерді тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық пианист Жәния Әубәкірова өз өнерімен француздық көрермендерді тәнті етті

Қазақстандық пианист Жәния Әубәкірова өз өнерімен француздық көрермендерді тәнті етті

Париждің «Гаво» беделді залында 26 қазанда өткізілген қазақстандық пианист Жәния Әубәкірованың жеке концерті табысты өтті. Оны Франциядағы Қазақстан елшілігі француздық «Тоталь» және «Арева» компанияларының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

  • 28 Қазан 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

Француз астанасының мәдени өміріндегі аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

Француздық өнерсүйер қауым, дипломатиялық корпус өкілдері, бизнесмендер, студенттік жастар әлемдік классика өкілдері Моцарт, Бетховен мен Шопеннің шығармаларының, сонымен қатар қазақ композиторы Нағима Меңдіғалиеваның «Домбыра туралы аңыз-поэма» туындысының талантты орындалуына зор ілтипат білдірді.

Перейти к новостям спорта