«Исатай-Махамбет» қорының ұйымдастыруымен Оралда ардагерлер арасында волейболдан турнир өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Исатай-Махамбет» қорының ұйымдастыруымен Оралда ардагерлер арасында волейболдан турнир өткізілді

«Исатай-Махамбет» қорының ұйымдастыруымен Оралда ардагерлер арасында волейболдан турнир өткізілді

«Исатай-Махамбет» қорының ұйымдастыруымен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт залында ардагерлер арасында волейболдан турнир өткізілді.

  • 31 Қазан 2011
  • 695
Фото - Caravan.kz

Барлығы бес команда қатысқан жарыста «Исатай-Махамбет» қорының командасы жеңімпаз атанып, ауыспалы кубокке ие болды. «Атырау» — екінші, «Жалпақтал» командасы үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ атыраулық Болат Қабдрахиев — үздік шабуылшы, Нұрлан Тояшев («Жалпақтал») — үздік қорғаушы, Гүлнәр Зухарнова («Денсаулық») — үздік байланыстырушы, Ерлан Бірданов («Сұңқар») турнир ақсақалы атанды. Олардың бәрі де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Исатай-Махамбет» қоры өкілдерінің айтуынша, биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған аталмыш турнир енді дәстүрлі болмақ. Қорды құрудағы мақсат — түрлі мәдени-спорттық шараларды ұйымдастыра отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын орнықтыру. Ең басты меже — Астана мен Орал қалаларында Исатай мен Махамбеттің еңселі ескерткішін орнату.