Алматылық жігіттер волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық жігіттер волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Алматылық жігіттер волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Алматыда 29-30 қазан күндері «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан КСРО спорт шебері, Еңбек сіңірген жаттықтырушы Октябрь Жарылғаповтың құрметіне арналған Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары болды.

  • 31 Қазан 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz


Онда жартылай финалда Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» волейболшыларын 3:0, ақтық сында Хромтаудың «ТНК «Қазхром» спортшыларын 3:1 есебімен жеңген «Алматы» волейболы клубы алтын медаль мен Кубок иегері атанды. Әйелдер арасында мұндай мәртебеге Алматы облысының «Жетісу» командасы ие болды. Олар жартылай финалда «Астананы» 3:0, ақтық финалда «Ертіс-Қазхромды» (Павлодар облысы) 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан кубогының күміс және қола жүлдесін әйелдер арасында «Ертіс-Қахром» мен «Астана», ал ерлер арасында «ТНК Қазхром» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» өзара бөлісті. Онда жетісулық Кроинна ишимцева мен алматылық Дмитрий Горбатов ең үздік ойыншы деп танылды.