Оған Конго, Куба, Финляндия, Қазақстан елдерінің командалары қатыспақ.
Жарыс аясында турнирге қатысушы делегациялардың төрешілері мен жаттықтырушыларына арналған семинарлар ұйымдастырылады.
«Ауыспалы Трофей» жүлдесі — Халықаралық Гандбол федерациясының әйелдер мен ерлер командасы ойыншыларының шеберліктерін шыңдау үшін, сонымен қатар жаттықтырушылардың, денешынықтыру пәні оқытушылары мен төрешілердің біліктіліктерін жетілдіру мақсатында халықаралық федерациялармен және жергілікті ұйымдастырушылармен бірлесіп өткізетін ресми іс-шара.
ХГФ-ның «Ауыспалы Трофей» жаңа жобасы өткен жылдың басында ұйымдастырылған болатын. Жобаның мақсаты — 2011 жылдың соңында «Халықаралық Гандбол федерациясының ауыспалы Трофейі» атты жарыстың құрлықаралық кезеңін өткізу.
Аталған жарыстың салтанатты ашылуы 3 қараша күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.